kaz рус eng
Сапа мен сертификаттау

Біздің өнімнің дүние жүзілік стандарттарына сәйкестілігі, жыл сайын Швейцарияның Базель қаласында өткізілетін ең танымал теңге сарайларының көрмесінде расталды.

 

 



Сапа саласындағы саясаты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЗАҚСТАН ТЕҢГЕ САРАЙЫ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫНЫҢ

Біздің кәсіпорын өзінің стратегиясын қазіргі әлемдік рынок жағдайында ұйымның бәсекелестігін үнемі арттыру және Қазақстан Республикасы пайдасына жарайтын өндірісті одан ары дамуы үшін тұрақты кіріс алу және ұжымның әл-ауқатын арттыру ретінде анықтайды.
Кәсіпорын басшылығы тұтынушылардың қанағаттанушылығын қамтамасыз ету және монеталар мен монеталық дайындамалар, ордендер мен марапаттық медальдар, қызметтік тұлғалар мен ведомстволардың белгілері және айқындау таңбалары өнімдерінің сапасын ойдағыдай жүзеге асыруға ұмтылу – таңдалған стратегияның негізгі бағыты деп санайды.

  Сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру төмендегі жолдармен қамтамасыз етіледі:

  • сапа менеджмент жүйесінің нәтижелілігін сериясы 9000 ISO стандарттары негізінде қызметтің кез-келген түріне жақын үрдістік әдісті қолдану арқылы үнемі арттыру;
  • тұтынушының белгілеген сапа деңгейін қамтамасыз ететін технологияларды, жабдықтар мен материалдарды енгізу;
  • сапалы материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды жеткізетін сенімді жеткізушілерді, сондай-ақ олармен шарттық міндеттер көлемінде конструктивтік ынтымақтастықты таңдау;
  • болуы мүмкін сәйкессіздіктердің алдын алу және олардың туу себептерін жою есебінен өнім сапасының тұрақтылық деңгейін қолдау;
  • әр қызметкердің біліктілігі мен құзырлығын арттыру үрдісін ұйымдастыру.

  Кәсіпорынның басшылығы өзіне төмендегідей міндеттерді алады:

  • сапа саласындағы Саясатты жүзеге асыру және әр қызметкер оны өмірде жүзеге асыруына белсенді қатысуы үшін қажетті жағдай жасау;
  • олардың сапа менеджмент жүйесіне сәйкестігін және оның нәтижелілігін үнемі жоғарылатуға міндеттенеді. 


«Қазақстан Республикасы ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі Саласындағы саясаты

Біздің кәсіпорын монеталар мен монета дайындамаларын, ордендер мен наградалық медальдарды, лауазымдық тұлғалар мен ведомстволардың белгілерін және растау таңбаларын жобалауға және өндіруге мамандануда. Өндірістік циклге металл өңдеу және химиялық шектер кіреді. 

Кәсіпорын басшылығы Сапа саласындағы Саясатта жарияланған стратегияларға негізделе отырып, еңбек қауіпсіздігі, денсаулық сақтау кәсіпорын қызметкерлері үшін өндірістік және басқару процестерінің ажырамас бөлігі болуы тиіс деп есептейді және бөлімше қызметінің кез келген түрінен бөлек қаралмауға тиіс.

 Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы қызметтердің басты бағыты болып табылатындар:

  • қызметкерлердің денсаулық жағдайын төмендететін және жарақатты болдырмау үшін жұмыс орындарын қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету;
  • кәсіпорын қызметкерлерінің және оның аймағында болатын басқа мекемелер өкілдерінің денсаулығын қорғау.

 ДС және ЕҚҚ саласындағы Саясатты жүзеге асыру төмендегі жолдармен қамтамасыз етіледі:

  • тәуекелдіктерді уақытында анықтауда қауіптілікті теңестіру және бағалау, оларды технологиялық процесстерді жетілдіру есебінен қабылдауға болатын деңгейге дейін төмендету бойынша шараларды жасау және жүзеге асыру, өндірісті модернизациялау, қызметкерлерді ДС және ЕҚҚ мәселелері бойынша жүйелі оқыту және оларға кеңес беру;
  • ДС және ЕҚҚ саласында нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар талаптарын сақтау;
  • сериясы 18000 OHSAS стандарттарының талаптарына сәйкес ДС және ЕҚҚ менеджмент жүйесін нәтижелі қызмет еткізу және үнемі жақсарту;
  • ДС және ЕҚҚ мәселелері бойынша ақпараттарды ұсыну үшін бұқарамен, үкімет және қадағалау органдарымен, іскер серіктерімен кәсіпорынның нәтижелі қатынасын қамтамасыз ету;
  • еңбек жағдайын, мониторинг және қызметтің нәтижелілігін бағалау бойынша жұмыс орнын аттестаттау;
  • кәсіпорын қызметкерлеріне потенциалды негативті әсер етулерді болдырмау немесе төмендету үшін басқа компанияларда орын алған оқиғаларды жүйелі талдау.

 

 Кәсіпорынның басшылығы жарияланған саясатты жүзеге асыру және әр қызметкердің оны өмірде жүзеге асыруына белсенді қатысуы үшін қажетті жағдай жасау міндеттемесін алады.

 

  Директор  Ф.С.Туғанбаев

Қазақстан Республика, 070005
Өскемен қ.,
Абай даңғ., 102/1
Телефон: (7232) 75-33-50
Факс: (7232) 75-15-80, 75-28-77
E-mail: admin@kmd.kz
Copyright © 2005-2012  
Национальный банк Республики Казахстан 134731