kaz рус eng
Өнімдер

Біз нарық талаптарын бақылаймыз, онымен бірге дамимыз. Өндірісті жетілдіріп, біздің клиенттердің талаптарын барынша қанағаттандыруға тырысамыз.


Қазақстан теңге сарайы СOINS-2015 Алтыншы халықаралық конференцияға және монеталардың көрмесіне қатысады

COINS (КОИНС) халықаралық конференциясы және монеталар көрмесі – Ресей аумағында өткізілетін монеталық нарыққа арналған жалғыз халықаралық форум. Жыл сайын COINS-қа қызығушылық артуда. 2014 жылы конференция жұмысына 32 елден 300-ден астам адам қатысты. COINS-ке деген осындай жоғары қызығушылық ресейлік нумизматтық нарықтың мықты әлеуетін, естелік, қайталама айналым монеталардың халықаралық нарықтың кәсіби ойыншыларының және коллекционерлердің  кең бұқарасының жыл сайынғы кездесулері үшін ресейлік алаңшаның талап етілуін растайды.

COINS конференциясының және көрменің ұйымдастырушысы – «Уотер Марк» баспа үйі – «Золотой червонец» монеталар туралы журналдың құрылтайшысы мен баспагері және «Монетное созвездие» естелік монеталардың халықаралық конкурсының ұйымдастырушысы. 

Қатысушылары: 

• Ұлттық және коммерциялық банктер 
• Монеталық сарайлар 
• Компания - монета дистрибьюторлері
• Нумизматтық салондар 
• Аукциондық үйлер
• Монеталар үшін орам мен  аксессуарлардың өндірушілері
• Монеталық сарайлар  үшін жабдық пен шикізатты жеткізушілер 
• Кәсіби нумизматтық қауымдастықтар және мамандандырылған БАҚ 
• Монеталардың жеке  дилерлері

 

Конференция ұйымдастырушылардың ресми сайтына сілтеме: http://coinconference.com/

 

Қазақстан Республика, 070005
Өскемен қ.,
Абай даңғ., 102/1
Телефон: (7232) 75-33-50
Факс: (7232) 75-15-80
E-mail: admin@kmd.kz
Copyright © 2005-2017  
Национальный банк Республики Казахстан 279796